ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

232

0

  Жыл басынан бері аймақтағы ауылшаруашылығы дақылдарына, жайылымдарда фитосанитариялық шаралар уақытылыатқарылып келеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткенбрифингте агроөнеркәсіптік кешендегі облыстық аумақтық инспекция басшысыныңорынбасары Жаннат Дүзелбаева айтты. 

Бұлжұмысқа 25 техника қатыстырылып, 12 мың литрден астам пестицид пайдаланылды.Қазіргі кезде фитосанитариялық ахуал тұрақты. Өңірімізден сыртқа тасымалданатынжәне сырттан әкелінетін күріш, қауын-қарбыз сияқты өнім түрлері мамандардыңжіті қадағалауында. Тексеру барысында өткен 8 айда бірде-бір карантин белгісіанықталған жоқ. 

–Көктем айларында Сырдария өзенінде су тапшылығы болуына байланысты ауылшаруашылығы құрылымдары бақша дақылдарын былтырғыдан аз екті. Нәтижесінде қауыншыбынына қарсы химиялық өңдеу жүргізілетін жер көлемі 292 гектарға кеміді, –деді Жаннат Дүзелбаева.

 

Назерке САНИЯЗОВА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<