Футбол: «Оқжетпес» өз алаңында «Қайсардан» ұтылды

212

0

Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубы өз алаңында қызылорданың «Қайсарынан» 0:1 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан Olimpbet-Қазақстан чемпионатының 2-ші турында «Оқжетпес» футбол клубы өз алаңында «Қайсарды» қабылдады. Кездесудің 10-шы минутында қонақтардың шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзедің баспен ұрған добы қақпа торында тулады. Бұдан кейін кездесу аяқталғанша алаң иелері есепті теңестіруге қанша тырысқанымен одан еш нәтиже шықпады. Бірде «Оқжетпес» шабуылшылары мүлт кетсе, енді бірде доп «Қайсар» қақпашысының қолынан табылды.

Бұл «Оқжетпес» командасының биылғы маусымдағы қатарынан үшінші жеңілісі. Кездесуден соң журналистермен өткен баспасөз конференциясында «Оқжетпес» ФК бас жаттықтырушысы Андрей Карпович команда жанкүйерлерінен кешірім сұрап, алдағы ойындарда команда жеңіс үшін барын салатынын айтты.

«Жанкүйерлерсіз ойнау әрине, қызықсыз. Бұл біз үшін үлкен жеңіліс. Әрине, нәтижеге көңіліміз толмайды, үйдегі ойында үш ұпайға қол жеткізуді көздедік. Өкінішке қарай, бұл жолы жолымыз болмады», – деді Андрей Карпович.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<