Футбол матчтарында енді көк қағаз да көрсетіледі

1218

0

Фото: The Telegraph

Халықаралық футбол қауымдастығы кеңесі (IFAB) ойын ережелеріне көк карточкаларды енгізді. Бұл туралы The Telegraph газеті жазды.

Дереккөздің айтуынша, көк карточка көрсетілген ойыншы 10 минутқа ойыннан шеттетіледі, бір матчта екі рет көк қағаз алу – ойыннан шығумен тең, яғни ойыншыға қызыл қағаз көрсетіледі.

Әзірге жаңа ереже әйелдер мен жасөспірімдер футболында, сондай-ақ төменгі лига жарыстарында сынақтан өтеді. Сонымен бірге, Англия футбол қауымдастығы келесі маусымда өз жарыстарында бұл ережені енгізуге ниетті.

Бастапқыда төрешілермен шектен тыс дауласып, тактикалық бұзушылықтар жасаған ойыншылар үшін көрсетілетін картаны қызғылт сары түске бояу ұсынысы болған. 

Алайда кейінірек ол басқа карталардың түстеріне – сары және қызылға ұқсамас үшін көкке бояу туралы шешім қабылданған. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<