Газа «балалар бейітіне» айналып барады – БҰҰ Бас хатшысы

520

0

Фото: БҰҰ

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Израиль әуе шабуылдары күшейген сайын Газа секторы «балалар бейітіне» айналып бара жатқанын ескертті. Kazinform бұл туралы BBC жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.

Дүйсенбі күнгі сөзінде Гутерриш анклавтағы жағдай қазір гуманитарлық дағдарыстан гөрі, адамзат дағдарысына айналып бара жатқанын айтты.

«Күн сайын жүздеген қыздар мен ұлдар қаза табады немесе жарақат алады», – деді БҰҰ Бас хатшысы ХАМАС содырлары Израильге шабуыл жасап, Израиль әскері кері соққы бергеніне бір ай болғанда өткен баспасөз мәслихатында.

Гутерриш тағы да тез арада атысты тоқтатуға шақырды.

Оның сөздерін Израиль сыртқы істер министрі Эли Коэн сынға алып, X әлеуметтік желісінде «Ұялмайсыз ба?» деп жазды.

«Газа секторында 30-дан астам кәмелетке толмаған бала бар. Оның ішінде 9 айлық нәресте, сондай-ақ ата-аналарының қанды қырғынға ұшырағанын көрген сәбилер мен балалар бар. Олар еркінен тыс қамауда отыр», – деді ол.

Израильдің Газа секторына әуе шабуылдары күшейді. Израиль ХАМАС инфрақұрылымын нысанаға алып, бейбіт тұрғындардың өлімін азайтып жатқанын айтты.

Беньямин Нетаньяху АҚШ-тың ABC News арнасына соғыс аяқталғаннан кейін Израиль Газа секторындағы қауіпсіздікке жалпы жауапкершілікті өз мойнына алатынын айтты.

Израиль әскері дүйсенбі күні соңғы 24 сағат ішінде ХАМАС ұйымының 450 нысанын, соның ішінде танкке қарсы зымырандарды ұшыру алаңдарын қиратқанын хабарлады.

ХАМАС басқаратын Газа Денсаулық сақтау министрлігі, израильдік науқан басталғаннан бері бұл аумақта 10 022 адам, оның ішінде 4 104 бала қаза тапқанын хабарлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<