Газдандыру деңгейі 78 пайызға жеткізіледі

173

0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгінде облыстағы 4 қала және 35 ауылдық елді мекен табиғи газға қосылған. Өткен жылы 26 газдандыру жобасын жүзеге асыруға 9,2 млрд теңге қаржы қаралып, жұмыс атқарылды.

2023 жылдың қорытындысымен 11 елді мекен «көгілдір отынға» қосылып, тұрғындарды қамту үлесі 75 пайызға жетті.

Биылға республикалық бюджеттен облыс аумағындағы газдандыру жобаларын жүзеге асыруға 4,1 млрд. теңге қаржы қаралған.

Осылайша 2024 жылдың соңында газдандыру деңгейі 78 пайызға жеткізіледі деп күтілуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<