Газды заңсыз тасымалдауға тосқауыл: Қызылордада 3 блокпост орнатылды

321

0

Қызылорда облысында сұйытылған газдың заңсыз тасымалына тоқсауыл қою үшін үш бағытта блокпост орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Соңғы күндері өңірде газды тасымалдаудың заңсыз фактілері көбейген. Аталған мәсеге орай облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге жедел жиын өткізді.

«Өңір халқы үшін газ бен дизель қорында тапшылықты болдырмау мақсатында ұйымдастырылған жиында аймақ басшысы облысқа бекітілген лимит бойынша сұйытылған мұнай газы мен дизель отыны тек облыс халқының игілігіне жаратылуы қажет екенін атап өтті. Сол себепті сыртқа тасымалдауды шектеу үшін арнайы блокпостар қойып, қадағалауды күшейтуді тапсырды», – деді облыс әкімдігінен.

Ведомство мәліметінше, күннің суытуына байланысты аймақта көмір қорының жеткілікті болуы назарға ұсталып отыр. Осы мақсатта қоймаларда қажетті мөлшерді толықтыру жұмыстарын іркіліссіз жүргізілуде.

Облыс басшысының тапсырмасынан кейін полиция департаменті Түркістан, Арал, Жезқазған бағыттарына блокпостар орнатылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<