Ғани Мұратбаевтың 120 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өтті

655

0

Бүгін Орта Азия мен Қазақстан жастарының жалынды жетекшiсi, көрнектi қоғам қайраткерi, даңқты жерлесiмiз Fани Мұратбаевтың 120 жылдық мерейтойы дүркiреп өттi.
Елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен шақырылған құрметтi қонақтар мерекеге тұс-тұстан асығып жеттi. Олардың арасында мемлекет және қоғам қайраткерлерi, әр кезеңде Қазалы ауданы мен облыстың жастар ұйымын басқарғандар, еңбек ардагерлерi, елге еңбегi сiңген азаматтар, Тәуелсiздiктiң iргетасын қалаушылар болды.
Ғани Мұратбаев ауылындағы орталық саябақта өткен шарада аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов қорытынды сөз сөйлеп, тарихи тұлғаның мерейтойы жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
– Аз ғұмырында артына өшпес сәуле қалдырған Ғаниды еске алу, кейінгі толқынға үлгі ету бүгінгінің парызы десек, бұл тұрғыда осынау іс-шаралардың рухани маңызы зор деп есептеймін.
Өйткені, біз бүгінгі өткен шаралардан Ғанидың өмiр жолдарына тереңнен бойлап, оның бойында бiлiмге құштарлық, әдiлдiк, табандылық, ұйымдастырушылық, уәдеге берiктiк, саяси тұрақтылық, шешендiк, адамдармен ортақ тiл табысу, сияқты тағылым аларлық қасиеттерге тұнып тұрғандығына көз жеткiздік.
Одан бөлек, мерейтой аясында облыстық ақындар мүшәйрасы, қолөнершілер көрмесі, қылқалам шеберлерінің сайысы, футболдан турнир, жүгіруден жарыстар да ұйымдастырылды.
Бұл шаралар өткізіп қою үшін ғана емес өткенді саралап, барымызды бағалап, артында өшпес өнеге қалдырған бабамыздың қадірін білу үшін, оны кейінгі ұрпақтың зердесіне жеткізу үшін қажет. Мұның ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде аса зор маңызы болатыны сөзсіз, – деді Дәурен Оңғарбайұлы.
Салтанатты шарада мерейтойға орай өткізілген көңілді тапқырлар сайысының жеңімпаздары марапатталды.
Мерейтой аясында өткен гала концертте жергілікті өнерпаздармен қатар, есімі елімізге таныс Сыр бойының талантты азаматтары Үкітай Ерниязов пен Әл-Фараби Бекарысұлы өнер көрсетіп, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Айта кетейік, Ғани Мұратбаевтың 120 жылдығына орай бүгін «Әбдіраман төбеде» ат жарысы да ұйымдастырылып, жеңімпаздарға қомақты қаржылай сыйлықтар табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<