
– Олар үшінші айқасты өткізу үшін белбеу керек деп жатыр. Бұл туралы не ойлайсың? – Біріншіден, мен барлық жанкүйерлер секілді үшінші айқас өткізіп, осы уақытта, біздің заманымызда бокс мансабының биік шыңына шыққым келеді… Маған айқас өткізу үшін белбеу керек деп жатқан болса – бұл жөнсіздік дер едім… Дегенмен, байқап көреміз, осы бойынша жұмыс істейміз. Еске салайық, Головкин мен «Канело» бірінші айқасы даулы тең нәтижемен аяқталса, екінші жекпе-жекте төрешілердің басым дауысымен «Канело» жеңіске жеткен болатын.