Головкин мен «Канело» үшінші жекпе-жек алдында көз арбасты

730

0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) бетпе-бет қайта кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Боксшылар үшінші айқасқа бірнеше күн қалғанда MGM Grand ойын-сауық кешенінде ұйымдастырылған «қарсы алу салтанатына» қатысты.

Головкин мен Альварестің үшінші айқасы 18 қыркүйек күні таңертең T-Mobile Arena-да өтеді. Дәл сол жерде 2017 және 2018 жылдары қос боксшының бірінші және екінші айқастары өткен болатын. Бірінші жекпе-жек төрешілердің әртүрлі пікірімен тең аяқталса, рематчта жеңіс көпшілік дауыспен мексикалық боксшыға берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<