Головкиннің әлем чемпионы атағынан бас тартқаны рас па?

1034

0

Фото: Ашық дереккөз

Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) IBF белбеуінен бас тартты. Бұл туралы бразилиялық журналист Уилсон Балдини хабарлады деп жазды turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

«GGG IBF титулынан бас тартты. Бұл қалай, Фалькао?» деп жазды Уилсон желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 KO) Головкиннің IBF жүйесі бойынша міндетті қарсыласы еді. Алайда IBF (Халықаралық бокс федерациясы) әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасамады. Егер Головкин бұл чемпиондық белбеуді шынымен босатса, Фалькаоға ол титул үшін басқа боксшымен айқасу керек болады.

 Фото: vesti.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<