«Гонорары, түсірілім барысы». Түрік сериалына түскен Берік Айтжанов эксклюзив сұхбат берді

1052

0

Фото: instagram.com/berik_aitzhanov

Танымал актер Берік Айтжанов Осман империясы туралы «Kuruluş Osman» сериалына түсті. Ол сериалдағы ролі үшін қанша қаржы алатынын, шақырту қалай түскенін арнайы Massaget.kz тілшісіне эксклюзив сұхбат беріп, баяндады.

Актер сериалда Моңғол елінің қолбасшысы Найман батырдың ролін ойнады. Жағымсыз кейіпкер Найман әлемдік жұлдыз Бурак Озчивит сомдаған Осман батырдың тікелей бақталасы болады.

«Түрік сериалының біздің елден ерекшеленетіні сериалға өте көп қаржы бөлінеді. 1 сериасы біздің толықметрлі киномен пара-пар келеді. Сосын өте жылдам түсіреді. 2 сағаттық сериалды 5-6 күн ішінде түсіріп, жетінші күні эфирге шығаратындай жылдамдықпен жұмыс істейді», – дейді актер.  

Айта кетейік, Берік Айтжанов осыған дейін Dеs Tаn атты түрік сериялында Қытай императорының ролінде ойнаған болатын. Сол кезде актер Bozdaq кино продакшнмен келісімшартқа жасасқан. Биыл да дәл осы ұжыммен бірге жұмыс істеуге шақырту алған.

«Мысалы, мен осы продакшнға кірдім бе, демек мені алдағы 1 жыл бойы жұмыспен қамтамасыз етеді. Себебі сен бір сериасында барсың, ал бір сериасында жоқ болсаң да сенің апталық қаражатың жүріп отырады. Біздің қазақ киносынан актерге берер гонарары онша көп емес, бірақ дегенмен жоғары. Бұл жақта ақшаны сериалдың санына байланысты алады. Мысалы бізде 1 ай түсіріп, келесі жобаны 3-4 ай, тіпті 1 жыл күтуің мүмкін. Ал, бұл жақта бір жобаға кірдің бе, 8-9 ай түсірілім алаңына сенің кейіпкерің шығып кетпейінше түсіп жүресің. Сондықтан әрине қаражат жағынан өте ыңғайлы, жұмыспен толықтай қамтамасыз етеді», – дейді Берік Айтжанов.

Актер өз тәжірибесін шетелде сынамаққа ниет етіп, көптеген кастингке барғанын да жасырмады. Тіпті осы сериал үшін арнайы түрік тілін жетік меңгерген. Ал, кино желісі бойынша Ертұғырылдың ұлы Осман император мен Моңғол қолбасшысы Найман батыр арасында қандай тікетірес болатынын актердің өзінен сұрап білдік.

«Сериал желісі қалай болғанын нақты бәрін айта алмаймын. Айтып отырмын ғой, бақталастық, текетірес өте көп. Бірақ көп кейіпкері моңғолдың немесе византиялық болсын, кейде Осман ислам дінін қабылдатқызып, өзіне жақтас қылып алатын. Бірақ менің кейіпкерім ондайға бармайды», – дейді актер. 

Осман Империясы «Kuruluş Osman» сериалының 4 маусымы қалың көпшілікке әлдеқашан жол тартқан. Отандасымыз төбе керсеткен бөлімдері елдің назарына енді ұсынылып отыр. Ал Қазақстанда ресми ол бөлімдерді арнайы «Kuruluş Osman» сайтынан 20 ақпаннан бастап көре аласыздар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<