
ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстағы үгіт-насиxат шараларына 1500 адам жұмылдырылды. Бүгінгі күнге дейін үгіт-насихат жұмыстарына келген ақпараттық материалдардың 81,1 проценті пайдаланылды. Үгіт-баспа материалдары кандидаттың сайлау қоры қаражатының есебінен әзірленген. Кандидатты насихаттайтын жалпы саны 30 билборд арнайы белгіленген орындарға ілінді. Олардың 15-і аудандарда. Үгіт–насихат жұмыстар аясында «Есіктен-есікке» акциясы өткізілуде. Шара аясында облыс бойынша кандидаттың сенімді өкілдері 28060 үйді аралап, әрбір отбасына арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
– Қазір «Бірге» акциясы аясында тұрғындардан 11 368 дана бланк жинақталды. Сайлаушылардың ұсыныс-тілектері республикалық қоғамдық штаб сайтының www.toqaev2019.kz арнайы бөлімінде ал, әлеуметтік желілерде #Birge хэштегі бойынша жүргізіліп жатыр. Акция 13 мамырдан 7 маусымға дейін жалғасатын болады, – деді облыстық қоғамдық штаб төрағасының орынбасары Ержан Байтілес.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстағы қоғамдық штабтары жанынан кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмелері ашылды. Мұнда да сенімді өкілдер жергілікті тұрғындарды қабылдап, ұсыныстар жинақтап жатыр. Төрт күннің ішінде облыс бойынша барлығы 185 азаматтан ұсыныс-тілектер қабылданған.
Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».
«Сыр бойы».