Халық денсаулығы – басты байлығымыз

1257

0

Президент өзінің кешегі үндеуінде Үкіметтің, әсіресе Денсаулық сақтау министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың індетке қарсы нақты іс- шаралар жасамағандығы туралы ашық айтты. Бұл пікірді толық қолдаймын. Бұл Парламент қабырғасында да айтылған болатын.


Өкінішке орай, көптеген отандастарымыз дер кезінде нақты дәрігерлік көмек алудан тыс қалып қойды. Оның зардабын да тартып отырмыз. Сондай-ақ, тиісті дәрі-дәрмектің жетіспеу жағдайы кездесті.
Қазір де көптеген адамдарға көмек қажет. Олар қатты қиналуда. Ендігі кезекте барлық күшімізді сол азаматтардың денсаулығының жақсарып кетуіне жұмсауға тиістіміз. Үкімет абаттандыруға, жол салуға және өзге де шығындарды қысқартып, оның орнына қажетті медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуы керек. Қазір бүкіл күш, барлық әрекет бір-ақ нәрсеге жұмсалуы керек, ол – халқымызды қатерлі індеттен алып шығу. Президенттің айтып отырғаны да осы. Қалған нәрсенің бәрі – екінші кезекке қоятын уақыт. Адам өмірінен қымбат еш нәрсе жоқ.


Президент Үндеуі қажет кезінде, қазақша айтқанда темірдің қызып тұрған кезінде жасалды. Бұл біріншіден, барлық іс-әрекетті маңызды мәселеге бұру, екіншіден, халқымыздың сенімін арттыруға, алдағы күндерге зор үмітпен қарап, бірліктен ажырамауға шақыру болды.

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,


ҚР Парламенті Сенатының депутаты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<