Халық партиясы қарттарға сый-құрмет көрсетті

283

0

Фото: Халық партиясы

Бүгін «ҚХП» Қызылорда облыстық филиалының өкілдері Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында облыстық мәслихат депутаты, облыстық филиал төрағасы Қайрат Ерназаровтың бастамасымен №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Шараның басты мақсаты – орталықтың жалпы жағдайымен танысып, қамкөңіл жандардың арнайы көңілін сұрау.

Айтулы мереке қарсаңында партия өкілдері қарттарға Сыр өнерпаздарының концерттік бағдарламасын ұсынды. Осылайша Халық партиясы қариялардың көңілін көтеріп, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ аталған орталықтың 170 қызмет алушысына мерекелік тәттілер жиынтығын таратты.

Қазіргі кезде аталған орталық 280 орынға арналған, оның ішінде стационарлық жағдайда тұрақты тұруға 180 орын, жартылай стационарлық жағдайда 100 орын бар. Бүгінде мекемеде стационарлық жағдайда 170 қызмет алушының 108-і қариялар. Бір шаңырақ астында жеті ұлт өкілі тоғысқан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<