ХҚО жұмысын бірлесіп жақсартуға шақырады

232

0

Қыркүйек айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Краудсорсинг» жобасының іске қосылғандығы туралы хабарлаған болатын. Аталған жоба өзгерістерге бейжай қарамайтын қазақстандықтарды ХҚО-ларының жұмысын жақсартуға тартуды көздейді. Мысалы, азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесін жетілдіру бойынша өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін қалдыра алады. 

Бүгінгі күні астаналықтар ең белсенді қолданушылар болып отыр, олар ХҚО-ның жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстардың 1/3-нен астамын қалдырған. Екінші орында оңтүстік астананың тұрғындары орналасты, олардың үлесінде 26%. Осы ретте, жоба іске қосылған сәттен бастап 19 қатысушы анықталып, олардан 23 ұсыныс келіп түскендігін айта кеткен жөн. Ұсыныстардың көпшілігі кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-процестерін өзгертуге қатысты. 

Мемлекеттік қызмет көрсету саласының барлық бағыттары және мемлекеттік корпорацияның қызметі бойынша жалпы өз ұсыныстарыңызды енгізуге болатындығын естеріңізге саламыз. Сайтқа қалдырылған ұсыныстарды талқылауға, пікірлер қалдыруға және лайктар басуға болады. Бұдан өзге, үздік идеялардың жеңімпаздары сыйлықтармен көтермеленетін болады. Жоба бойынша толық ақпаратты www.gov4c.info сайтынан көруге болады.

Іріктеуден кейін, ұсынылған бастамалар пысықталып, мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлерінен тұратын комиссия мүшелері тарапынан іске асырылатын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 

Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<