“Хутор” қылмыстық ұйымдасқан топтың басшысы деп танылған Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Syrboyi.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов істің барысы туралы айтты.
“Бізде қылмыстық істің тергеу нәтижелері бар. Тергеу жұмыстары аяқталды. Хасан Қасымбаевқа тиісті айыптаулар тағылды. Ол қазір қамауда”, – деді Санжар Әділов.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<