Индонезиядағы зілзала құрбандары арасында қазақстандықтар бар ма?

285

0

Алдын ала мәлімет бойынша Индонезияда жойқын жер сілкінісі кезінде қайтыс болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Біз Индонезия билігі өкілдерімен тұрақты байланыстамыз. Ақпарат болған кезде қосымша хабарлаймыз”, – делінген министрліктің хабарламасында.

Бұған дейін ақпарат құралдары Индонезияның Ломбок аралында жойқын жер сілкінісінен 91 адамның қайтыс болғанын хабарлаған еді. Зілзала құрбандарының саны әлі нақтыланып жатыр. 200-ден астам адам жарақат алған.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметінше, өткен жексенбіде магнитудасы 6,6-ға тең жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Матарам қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 49 шақырымнан анықталды. Сілкініс ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<