Instagram желісінде аккаунтты анықтаудың жаңа тәсілі пайда болды

261

0

Енді өз профиліңізді одан әрі қауіпсіздендіру үшін толық аты-жөніңіз бен жеке куәлігіңіздің көшірмесін енгізссеңіз жеткілікті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  
Қауіпсіздік пен жеке ақпараттарды қорғау мақсатында енгізілген бұл қосымша туралы сервистің ресми сайтына жарияланғаны хабарламада айтылған. Жеке аккаунтыңыға бұл қосымшаны қосу үшін жеке басыңызды куәландыратын құжаттарды ұсынсаңыз жетеді. Сондай-ақ, аккаунт әлеуметтік желінің ережелеріне сай болуы керек.  «Көк қанат белгісін алуға» өтініш беру үшін «Баптау» бөлімінен «Растауға сұратым» пунктін таңдау қажет. Сізден толық аты-жөніңіз бен жеке куәлігіңіздің көшірмесі немесе өзге құжат ұсынуыңыз сұралады. Сонымен қатар, Instagram желісіне екі фазалы аутентификацияның көмегімен өзге қосымшалар мен сервистер арқылы кіре аласыз. Айта кетейік, сұрау жіберу аккаунтты анықтауға кепілдік бермейді. Бұл шешім әрбір қолданушы профилін қатаң тексеруден кейін ғана шығарылады.
massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<