Интернет сапасын бағалайтын британиялық Сable сайты кеңжолақты ғаламтор жылдамдығы бойынша елдердің рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші орында Сингапур, одан кейін Швеция мен Дания екінші және үшінші орында тұр.
Төртінші болып Норвегия, ал оның артынан Румыния, Бельгия, Нидерланды, Люксембург және Венгрия бар.
Биыл Қазақстан бұл рейтингте 95-орын алды.
Мамандар 200 ел мен аймақта 12 ай ішінде орташа жылдамдықпен бес гигабайттық фильмді жүктеу үшін қанша уақыт кететінін есептеді. Олардың айтуынша, жыл ішінде әлемдегі интернет-қосылымның жылдамдығы 23 процентке өскен. Сарапшылар мұны жақсы көрсеткіш деп отыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<