Іздеуде жүрген Kazakhstan Kagazy экс-бас директоры БАӘ-де ұсталды

170

0

Фото: pixabay.com

Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры Мақсат Әріп ұсталды. 

Polisia.kz-тің мәліметінше, Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті оған аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеу жарияланған болатын.

Мақсат Әріп Kazakhstan Kagazy компаниясын 2003 жылдан 2008 жылға дейін басқарды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<