Құрылтай

Электр және коммуналдық сала жұмыстары қаралды

5

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Кеше аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды.

Жиында электр желілерін жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған жобалардың орындалу барысы сараланды.

Ауданда электр желілерінің тозуын азайту және тұрғындарды сапалы әрі тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соңғы жылдары Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Қоғалыкөл, Шаған және Қалжан ахун ауылдық елді мекендерінің электр желілері толықтай қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді.

Биыл республикалық бюджет есебінен Асқар Тоқмағанбетов және Сәкен Сейфуллин ауылдарының электр желілерін қайта жаңғыртуға 1 млрд теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда жобаларды іске асыруға дайындық жұмыстары аяқталып, құрылыс-монтаж жұмыстары жуық арада басталады. Аталған жобалардың нәтижесінде аудан бойынша электр желілерінің тозу деңгейі шамамен 50 пайызға дейін төмендейді деп күтілуде.

Сонымен қатар, Тереңөзек кенті мен Нағи Ілиясов ауылының электр желілерін қайта жаңғыртуға жалпы құны 4,3 млрд теңгені құрайтын бюджеттік өтінім тиісті мемлекеттік органдарға ұсынылып, қазіргі уақытта қаржыландыру мәселесі қаралуда.

Мәжіліс қорытындысында аудан басшысы қолайсыз ауа райы кезінде электр тарату желілерінде орын алатын авариялық жағдайлардың алдын алу, тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті. Барлық жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырып, жауапты мекеме басшыларына нақты міндеттер жүктеді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі