«ЭТНО QUIZ» сайысында «Дос star» топ жарды

314

0

Фото: Достық Қызылорда

Бүгін Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты орталықтар арасында «ЭТНО QUIZ» сайысы өтті. Сайысқа 5 топ қатысып, ой-өрісін, білімін жетілдірді.

Қазір жастар білімді, интеллектуалды ортаны жаны сүйеді. Осы ретте ұлттық құндылықты дәріптей отырып, қатысушы жастарды әп-сәтте еліктіре кеткен бұл сайыс жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар ережеге сәйкес барлығы қазақтың ұлттық киімдерін киіп, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.

Қазылар алқасы құрамында облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Уалихан Ибраев, Қорқыт Ата атындағы ҚУ аға оқытушысы Аякөз Абдразақова және облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Нұрсәуле Мұсаева болды.

Сайыс 5 кезең бойынша өтті. Алғашқы кезеңде қатысушыларға Той бастар «Quiz time» тарихи, танымдық сұрақтар қойылды. Екінші Беташар айналымы «Суреттер сөйлейді» кезеңінде ел спортшылары мен кино атауларын табу керек болды. Ал «Жұмбақ әуен» кезеңінде ән айтылып, оны жалғастыру және әнді табу керек. Той тарқар айналымы «Тұлғаны тап», «Кино time» кезеңдерімен жалғасты. Әр кезеңнің сауалдары бір-бірінен ерекше болды.

Сайыс арасында қатысушылар кәде сый жасап, ән мен жырдан шашу шашты. Жас айтыскерлер ақындық шеберліктерін танытты.

Шығармашылық даму мен рухани азық сыйлаған «ЭТНО QUIZ»-де біздің «Қоғамдық келісім» мекемесінің «Дос Star» тобы топ жарып, бірінші орынды иеленді.

Алдағы уақытта басқармаға қарасты орталықтар осындай игі іс-шараларды дәстүрге айналдырып, жалғастыратынын айтып өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<