Бүгін ҚР ҰҚК Академиясында комитет төрағасы Кәрім Мәсімовтің, ұлттық қауіпсіздік органдары ардагерлері мен ата-аналардың қатысуымен курсанттарды шығарып салу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бітірушілерге «ұлттық қауіпсіздік лейтенанты» офицерлік атағы берілді. ҰҚК Төрағасы К.Мәсімов жас лейтенанттарға:
«Қазақстан қоғамындағы кіршіксіз адалдық және шексіз ерлік, жоғары кәсібилік, Отан алдындағы парыз жолында батыл және жанын қиюға дайын ҰҚК офицерінің бейнесі Сіздердің қызметтеріңізбен байланысты болады», – деп, ақ жол тіледі. Кәрім Қажымқанұлы академияның профессорлық-оқытушылық құрамына, сондай-ақ кадрларды дайындауға, көпсалалы жоғарғы оқу орнының қалыптасуы мен дамуына қатысқан барша адамдарға алғыс білдірді.
Іс-шара бітірушілердің салтанатты маршымен және «Мен қазақпын» әнінің орындалуымен аяқталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<