Көбелектен алынған сабақ

458

0

Жолдан өтіп бара жатқан кездейсоқ біреу жібек пілләсіндегі кішкентай тесікті, сол тесіктен шықпақ болып тырысып жатқан көбелекті көріп, ұзақ уақыт бақылап қарап тұрыпты. Бірталай уақыт өтіп, көбелек күресе алмай қалғандай болды, ал кішкене тесік сол күйінде еді, үлкейген жоқ. Көбелек қолдан келгенінше барынша тырысқандай және бұдан былай ештеңеге шамасы келмей қалғандай болып көрінді. Осыны бақылап тұрған адам көбелекке жәрдемдескісі келіп, қолына бәкі алып, пілләні кесіп, кішкене тесікті кеңейтті. Көбелек бірден сыртқа шықты. Бірақ оның денесі әлсіз, қуаты жоқ, қанаттары қатаймаған, өзі де зорға жылжитын еді. Адам көбелектің қимылын бақылап тұрып, сәлден соң-ақ көбелектің қанаты қатайып, ұшып кетер деп ойлады. Бірақ олай болмады. Көбелек өзінің әлсіз денесін жер бауырлап сүйретіп жүріп, қанаты жетілмеген күйде қалған өмірін өткізді. Ол сол бойы ұша алмады. Олай болуының себебі: адам көбелекке жәрдем бергісі келіп, көбелек өзі кеңейтіп, ішінен ұшып шығуға тиіс кішкене тесікті кеңейтті, көбелектің денесіндегі сұйықтар оның қанатын қатайтуға жұмсалатын еді, олай болмай қалды. Солай болғанда ғана көбелек ұшып кететін еді. Жаратылыс солай: көбелек кішкене тесікті кеңейтіп, ұшып шығуға күш салу арқылы әбден шыңдалған, еркін өмірге әзір қалпында шығатын еді.
 Өмірде бізге де нақ осындай күш салуға тура келетін кездер бар. Кім өмір сүруі тиіс болса, жолында кедергілер болады. Кедергі болмаса біз көп нәрседен құр қалар едік, еш уақытта қазіргідей күшті бола алмас едік. Біз еш уақытта биікке самғай алмас едік. Мен өмірден күш сұрап едім, ал өмір мені күшті ету үшін қиындықтар берді. Мен өмірден ақыл сұрап едім, ал өмір маған шешілуі тиіс проблемалар берді. Мен өмірден байлық сұрап едім, ал өмір маған жұмыс істесін деп ми мен қуат берді. Мен өмірден ұшу мүмкіндігін сұрап едім, ал өмір маған жеңсін деп кедергілер берді. Мен өмірден махаббат сұрап едім, ал өмір маған олардың проблемаларын шешуге жәрдем берсін деп адамдар берді. Мен игілік сұрап едім, өмір маған мүмкіндіктер берді. Мен сұрағандарымның ішінен ештеңе де ала алмадым… Бірақ мен өзіме керектілердің бәрін алдым. Қорқынышсыз өмір сүр, кедергілерлерді батылдықпен күтіп ал және оларды жеңе алатыныңды дәлелде.
Massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<