Кей адамдарды салықтан босатуы мүмкін бе

497

0

Фото: pixabay

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов елімізде салық рақымшылығын жасау мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді.

«Салықты есептен шығару және салық төлемеу дұрыс емес шығар, өйткені бәріміз қолайлы жағдайда өмір сүргіміз келеді. Біздің бюджет барлық әлеуметтік мәселелерді жабуға бағытталған. Яғни, бір күнде салықты алып тастау немесе есептен шығару мүмкін емес. Себебі бұл — біздің бюджетіміздің негізі, іргетасы. Сондықтан салықты есептен шығаруға болмайды», — деді Ержан Біржанов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Вице-министр жаңа Салық кодексінде кәсіпкерлік пен инвестицияның өсуін ынталандыратын шаралар қарастырылатынын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қаржы министрлігі еліміздегі банктерге салық жүктемесін көтермек.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<