Құрылтай

Кешенді жобаның бірінші кезеңі

29

0

Республикалық маңызы бар KAZ-06 автомобиль жолының Қызылорда қаласынан Сексеуілге дейінгі бөлігін II техникалық санаттан I санатқа ауыстыруға бағытталған кешенді жобаның бірінші кезеңін «Қыран» ЖШС жүргізуде. Айналма жолдың жалпы ұзындығы 25,8 шақырым, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев рес­публикалық маңызы бар жол құры­лысымен, индустриялық аймақтағы жобалармен танысу барысында алдымен KAZ-06 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шым­кент» автомобиль жолы құра­мындағы Қызылорда қаласының айналма жолы құрылысының алаңына барды. Жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдері жобаны іске асыру кезеңдері, құрылыс-монтаж жұмыстарының қазіргі жай-күйі, алдағы жоспар жөнінде баяндады.

Мұнда 4 көпір, 2 жол айрығы, 1 демалыс алаңы және 9 су өткізгіш құбыр салу жоспарланған. Қазіргі таңда жер жұмыстары, жол негізін дайын­дау және инженерлік құры­лыс­тарды орнату қарқынды жүргізілуде.

Құрылыс алаңына 80 жұмысшы мен 60-тан астам арнайы техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, бетон араластыру торабы жұмыс істейді. Өнімділігі сағатына 160 тонна болатын екі асфальт-бетон зауыты іске қосылып, қазіргі уақытта өнім­ділігі сағатына 240 тонна болатын үшінші зауыт монтаждалып жатыр.

Аймақ басшысы «Қызылорда-Жез­қазған» автомобиль жолының 2-12 шақырым аралығындағы орташа жөн­деу жұмыстарының барысын да көрді.

Жобаның бас мердігері – «Дор­строй», техникалық қадаға­лаушысы – «Архи­Дизайн­Строй­Инжи­ниринг» серіктестіктері, келісімшарт құны – 2 млрд 483,9 млн теңге. Ұзындығы 9,76 шақырым, ені 14 метр учаске жөн­деледі. Жол жабыны ресайклинг әді­сімен 20 сантиметр етіп нығайтылып, оның үстіне 8 сантиметрлік ірі түйір­шікті асфальт және 5 санти­метр­лік қиыр­шықтасты-мастикалық асфальт­бетон төселеді.

Одан әрі қарай аймақ басшысы ин­дустриялық аймақтағы, атап айтқанда шыны, құрылыс материалдары өн­дірісін көріп шықты.

Шыны кластерін дамытудағы не­гізгі жобалардың бірі – «Orda Glass LTD» шыны зауыты. Кәсіпорын жы­лына 197 мың тонна шыны өн­діреді. Зауыттың іске қосылуы өңірде шыны өн­дірісін дамытуға, жаңа ілеспе өнді­рістердің қалыптасуына серпін берді. Солардың бірі – «Ayna Glass» айна шы­ғару кешені. Мұнда жылына 720 мың шаршы метр айна өндіріледі, 55 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Өндірісте пайдаланылатын не­гіз­гі шикізат «Orda Glass LTD» зауы­ты­­нан жет­кізіледі, осылайша өңірде то­лық­­қанды өндірістік тізбек қалыптасты.

Алдағы уақытта «Комфорт-1 KZ» ЖШС-ның шыңдалған шыны өндірі­сін кеңейту және автомобиль шы­нысын шығару жобасын іске қосу жоспарланған.

Құрылыс индустриясы бағытында да бірқатар кәсіпорын тұрақты жұмыс істеп тұр. Атап айтқанда, «Саз-М» ЖШС жылына 90 млн дана кірпіш өндіреді. Ал ЖК «Ақселеу» кәсіпорны жылына 6 млн дана күйдірілген кірпіш шығарады, 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған.

Индустриялық аймақта жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру жалғасуда. Еске салсақ, биыл 28 ма­мырда испаниялық Roca Group ком­паниясының санитарлық-техникалық бұйымдар өндіретін зауыты мен Seven Rivers компаниясының шыны бөтелке зауытының капсуласы салынды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі