Кезекті кездесу

284

0

«Облыстық ішкі саясат басқармасының «Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға байланысты ақпараттық насихаттық шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығы Тасбөгет кентіндегі №11 мектеп-лицейде «Өз құқығыңды білесің бе?» атты кезекті кездесу ұйымдастырды.

Аталмыш шараға мектеп ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары қатысты.  Кездесуге арнайы шақырылған ҚІІБ Жергілікті полиция қызметінің өкілі полиция аға лейтенанты Қуаныш Жұбаназаров жастар арасындағы құқық бұзушылықтың түрлері, әкімшілік жауапкершілікке тарту, қылмыстылықтың алдын алу мәселелері бойынша ақпарат берсе, Жастар денсаулығы орталығының бөлім меңгерушісі  Айзат Алдабергенова жастардың орталықтан тегін медициналық көмек алу құқығын түсіндірді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңы бойынша да жалпы түсінік берілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға құқықтық кеңестер берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<