«Киік» акциясы өтуде

252

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

«Киік» кең ауқымды табиғатты қорғау акциясы 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында өткізіледі.

15 сәуірден бастап елімізде «Киік» акциясы басталды. Осы түз жануарының төлдейтін мезгіліне сәйкес келетін табиғат қорғау шарасы бір айға созылады. Оған еліміздің бірнеше облысының табиғат қорғау инспекторлары мен ІІМ және ҰҚК мамандары да қатысады. Мақсат – заңсыз киік аулайтын қылмыстық топтардың жолын кесу.

Ақбөкендердің жаппай төлдейтін кезі жақындап қалды. Акция аясында киелі жануарлар санының қаншаға артқаны белгілі болмақ. Айта кету керек, «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК инспекторлары жыл басынан 8 қылмыс, 5 әкімшілік іс анықтады.

Акция шеңберінде құқық қорғау органдарымен бірлесіп Қызылорда – Ақтөбе, Қызылорда – Жезқазған және Қызылорда – Түркістан бағытындағы жолдарда мобильдік топтар жұмыс істейді.

«Охотзоопром ӨБ» РМҚК өңірлік филиалы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<