Құрылтай

Кішкентай қызымен бірге диплом алған жас ана көпшілікті тәнті етті (видео)

21

0

Фото: Видео скрин

Қызылордада диплом табыстау рәсімінде кішкентай қызын құшағына алып сахнаға көтерілген жас ана көпшіліктің ықыласына бөленді.

Ол жоғары оқу орнын үздік тәмамдап, қызыл дипломның иегері атанды. Бұл сәт оқу мен аналық міндетті қатар алып жүрген жас ананың табандылығының жарқын көрінісі болды.

Әлеуметтік желі қолданушылары әсерлі көрініске сүйсініп, жас анаға ақжарма тілектерін жаудырды. Көпшілік оның еңбекқорлығы мен қайсарлығына тәнті болып, бұл жетістікті көптеген аналарға үлгі боларлық оқиға деп бағалады.

Желіде тараған бейнеқатар аз уақыт ішінде қызу талқыланып, оқырмандар «Ең үлкен марапат – анасының диплом алған сәтін сәбиімен бірге бөлісуі», «Нағыз қайсарлықтың үлгісі», «Осындай аналар көбейсін» деген пікірлерін қалдырды.