Күн райы құбылмалы болады

267

0

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, дауыл соғады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін.
Атап айтқанда, Павлодар облысында 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 23-28 м/с  күшейеді. Кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.  
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі.  
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.  
Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Алматы, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с артуы ықтимал.
Күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен көтеріліп, 15-20 м/с екпінмен соғады.
Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.  
Сондай-ақ Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Ақтобе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<