Көктайғақ: Ертең қостанайлық оқушылар үйден оқиды

785

0

Фото: Pixabay

Қостанайда қолайсыз ауа райына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Kazinform.

Қала билігі тұрғындарға үндеу жасады.

— Ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) көлік ағынының жылдамдығы төмендеп, қозғалыс аралығы артты. Түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз, — деп түсіндірді қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қазір қала көшелерінде құм себетін машиналар жүр. Олар жол, тротуар, аялдамаларға құм-тұз қоспасын шашып жатыр. 

Сағат 21:00-ден кейін (қарбалас сағаттан соң) грейдерлер мен шөткелі тракторлар жұмысқа кіріседі. 

Әкімдік сондай-ақ балалардың қашықтан оқуға көшетінін жеткізді. 

— Қостанай облысында жауын-шашын мен көктайғақ салдарынан кәмелетке толмаған балалар жарақат алмас үшін 5 желтоқсанда бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледждің барлық курс студенттері онлайн оқуға ауыстырылады, — деп түсіндірді білім бөлімінің баспасөз қызметі.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<