Көліктегі бас прокуратура министрліктің заңсыз бұйрығын жойды

192

0

Көліктегі бас прокуратура Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығынан заңсыздық тауып, күшін жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бас көлік прокуратурасының қарсылығынан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2021 жылғы 8 маусымдағы «жаппай қауіп» терминін анықтау жөніндегі ұсынысты бекіту туралы» заңсыз бұйрығының күші жойылды.

Бұл бұйрық Мемлекет басшысы шағын бизнесті тексеруге жариялаған мораториді айналып өтуге және автомобиль, теміржол және су көлігі саласындағы кәсіпкерлердің қызметіне негізсіз араласуға әкелуі мүмкін еді», – деп жазады құзырлы органның баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметі бойынша, аталған актіде қызметі «жаппай қауіппен» байланысты микро және шағын кәсіпкерліктің 45 түрінен тұратын тізбе болған. Көлік құралдарын техникалық тексеру, электрондық тахограф картасын дайындау және беру, такси қызметтерін көрсету сияқты бизнестің басталғаны туралы хабарламау да «жаппай қауіп» ретінде сипатталған.

«Бұл құқықтық акт саны шексіз кәсіпкерлердің мүдделерін қозғағанына қарамастан, әділет органдарында да тіркеуден өтпеді. «Құқықтық актілер туралы» Заңның 19 және 51-баптары бойынша, мұндай актілерді мемлекеттік тіркеу олардың күшіне енуінің қажетті шарты болып табылады. Көліктегі кәсіпкерлердің кез келген құқықтарын бұзу туралы ведомствода Бас көлік прокуратурасының мобильді тобына хабарлауды сұрайды: 8 7172 712251, 8 7172 301910 және 8 701 990 06 65», – делінген бапасөз қызметінің мәліметінде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз