Көңілді эстафета

986

0

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушылары арасында көңілді эстафета сайысы өтті.

Жас зияткерлер түрлі спорттық құралдарды қолдана отырып, яғни баскетбол добымен жүгіру, шарды ракеткамен белгіленген аумаққа жеткізу, эстафеталық таяқшадан секіру, допты жұппен тасымалдау секілді физикалық тапсырмаларды орындады. Эстафета соңында командалар арқан тартыс ойынында күш-жігерлерімен сынасып, спорттық қабілеттерін шыңдады.

Сайыс қорытындысы бойынша бірініші орынды 7 «Е» ойыншылары иеленсе, екінші және үшінші орындарды 7 «D»  мен 7 «В» сыныптар өзара бөлісті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<