КОММУНАЛДЫҚ САЛА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯҒА КӨШПЕК

315

0

Қазіргі таңда коммуналдық қызмет түрлерін цифрландыру жұмыстары басталды. Жаңа заманауи технологияны қолданысқа енгізу жұмыстарына конкурс жарияланды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мұхиджан Кәрімбаев баяндады.

– Желтоқсан айынан келесі жылдың соңына дейін жобаның І этапын бітіреміз. Жоспар бойынша, пилоттық жағдайда 4300-дей тұтынушы қамтылады. Болашақта әр жеке тұрғынның ақпараты біздің орталық серверге келетін болады,- деді М.Кәрімбаев.

Сонымен қатар, жобаның тағы бір ерекшелігі барлық аудандардағы мәліметтер есептегіш құралдардың көрсеткіші орталық серверге келеді. Бұл дистанциялық басқару жұмыстарды жедел шешуге мүмкіндік беретін болмақ. Сондай-ақ, жаңа қызмет түрі тұтынушыларға оң септігін тигізбек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<