Конституция күніне орай қазақстандықтар 4 күн демалады

277

0

Конституция күніне орай қазақстандықтар төрт күн демалады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Заңнамаға сәйкес 30 тамыз Конституция күні – демалыс күні саналады. Биыл мереке бейсенбіге түсіп тұр. Үкімет қаулысымен 25 тамыздағы демалыс күні 31 тамызға ауыстырылды. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 30 тамыздан 2 қыркүйекке дейін 4 күн демалады.
Еске сала кетейік, Мереке күндері кезеңінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 85-бабының 3-пунктінде көзделген демалыс күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<