Консультациялық-кеңесші органның отырысы өтті

359

0

Қызылорда  қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Г.Ш.Рахметованың төрағалығымен Қылмыстық жазаны және қылмыстық- құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі қала әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органның отырысы өтті. Консультациялық-кеңесші орган отырысына Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметінің бастығының орынбасары, полиця майоры Ж.Уксикбаев, Қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары әділет подполковнигі А.Примова, Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының директоры Б.Нұртазаев, Қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Ғ.Аяпбергенов қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметінің бастығының орынбасары, полиця майоры Ж.Уксикбаев  Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі іс – шаралар жоспарының орындалу  барысы туралы баяндама оқыды.  Одан соң Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының директоры Б.Нұртазаев бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылып шыққан, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарына белгіленген квота бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат берді.  Қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Ғ.Аяпбергенов пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың  жұмыспен қамтылуы, қоғамдық жұмысқа тартылуы мен қысқа мерзімді курстар арқылы қайта оқытылуы туралы мәлімет берді.

Қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша әлеуметтендіру жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.

Қызылорда қалалық Пробация қызметі 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<