Коронавирус: ҚР Президенті елордада Шұғыл әрекет ету орталығына барды

220

0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына барды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына бардым. Қысқа мерзімде құрылған Орталық қалыптасқан жағдайға мониторинг жасап, науқастарды анықтау және есепке алу үшін озық технологияны қолданады», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.
Президент атап өткендей, орталықтың негізгі міндеттерінің бірі – халыққа шынайы ақпарат беру.
«Жекелеген БАҚ пен әлеуметтік желіде жалған мәліметтер таралып жатқан кезде бұл өте маңызды. Коронавирусқа қатысты барлық ресми ақпарат http://coronavirus2020.kz сайтында», – деп жазды Қ.Тоқаев.
 Бүгін Алматы облысында коронавирус індетін жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды. 21 наурыз сағат 12.00-дегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында – 28 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында – 2, Талдықорған қаласында – 1 адам, жалпы 53 науқас тіркелді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<