Криштиану Роналду карантинге жатқызылды

226

0

Белгілі футболшы Криштиану Роналду Мадейра қаласында оқшауланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі шетелдік басылымдарға сілтеме жасап.
Жаңа COVID-19 коронавирусы «Ювентус» футбол клубының ойыншысы Даниеле Руганиден табылған соң, анасының халін білу үшін Мадейра қаласына барған Криштиану Роналду да оқшауланған. Бірақ ойыншының өзінде де, отбасы мүшелерінде де коронавирус белгілері жоқ. Бұл туралы Мадейра денсаулық сақтау министрі Педру Рамош хабарлады. «Роналду бірнеше күн бұрын Италиядан кеткен. Оны оқшаулау Мадейраға келмей-ақ басталған еді. Әзірге одан да, отбасы мүшелерінен де ешқандай симптомдар байқалған жоқ», – деді Педру Рамош. 
Фото: www.championat.com

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<