Күрделі жөндеу жұмыстары қарқын алуда

255

0

Фото: Жұқпалы аурулар ауруханасы

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы күрделі жөндеуден өтуде. Құрылыс жұмыстарын аймағымызға танымал мердігер «Абу – Сер» ЖШС жүргізуде.

Аурухананың типтік жобадағы ғимараты осыдан 35 жыл бұрын бой көтеріп, пайдалануға берілген. Әбден тозығы жеткен нысан науқастардың сапалы ем алуына біршама қолайсыздықтар тудыратын еді. Өткен жылы облыс әкімдігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауының нәтижесінде тиісті қаражат бөлініп, үстіміздегі жылдың наурыз айында құрылыс жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстары аясында ғимараттың шатыры, кәріз-жүйелері, есік – терезелері, нысанның іші мен сырты толықтай жаңартылады. Аурухана ауласын абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалмайды. Науқастардың ыңғайлылығы үшін жеделсаты іске қосылады.

Қазіргі күні құрылыс жұмыстарының барысы аурухана бас дәрігерінің қатаң бақылауында. Емдеу мекемесі әкімшілігі, мердігер компания, технадзор мамандары мен жоба авторларының қатысуымен жүйелі түрде техникалық кеңес отырыстары өтуде. Тараптар құрылыс жұмыстарына қатысты мәселелерді талқылап, алдағы уақыттағы жоспарларын пысықтауда.

«Жасыратыны жоқ, аймақ тұрғындары облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы ғимаратының күрделі жөндеуден өтуін біраз жыл күтті. Сол себепті ең бірінші кезекте жұмыстар сапалы әрі межелі мерзімімен атқарылуы тиіс. Сапасы жоғары құрылыс материалдары пайдаланылуы керек. Күрделі жөндеу жұмыстары барысын өзімнің қатаң бақылауымда ұстайтын боламын», – деді бас дәрігер Әділбай Медетбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<