Күрделі жөндеу жұмыстары жүйелі жүріп жатыр

623

0

Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Жетес би дәрігерлік-амбулатория ғимаратына (көне емхана) арнайы барып, күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Наурыз айында басталған құрылыс жұмыстары 6 ай көлемінде толық ақталады деп жоспарланып отыр. Бұл жайында жөндеу жұмыстарына жауапты Руслан Серікұлы баяндап берді.

– Өткен айдан бастап қызу жұмыстарға кірісіп кеттік. Атап айтсақ, кәріз, жылу, су, жарық желілері жөндеу көреді. Сондай-ақ, есіктері мен төбе шатыры ауысып, ғимарат сырты сұйық травертинмен қапталады. Одан бөлек, сыртқы абаттандыру жұмыстары жүріп, көлік тұрағы асфальтталады. Қазіргі таңда мұнда барлығы 30 адам жұмыспен қамтылып отыр, – дейді ол.

Аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы жауапты қызметкерлерге күрделі жөндеудің уақытылы әрі сапалы болуын тапсырды. Сонымен қатар Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақыткүл Әлішева да құрылысқа қатысты өз ойымен бөлісті.

Айта кетейік, мердігер мекеме «СК Мақсат LTD» ЖШС атқарып жатқан ғимараттың жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 176,2 миллион қаржы қаралған.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<