Әли Оқаповтың қашан шаңырақ көтеретіні белгілі болды

298

0

Роза Рымбаеваның тұңғышы Әли Оқаповтың жеке өмірі мен сүйіктісі жайлы мәліметтер ел назарынан тыс қалған емес. Тіпті әншінің анасы да әр сұхбатында өзінің немерелі болғысы келетінін жасырмай айтып жүреді. Ал Әлидің өзі «Хит-Тв»арнасына сұхбат беріп, қашан дүбірлі той жасайтынын жария етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші отбасы жауапкершілігіне бей-жай қарай алмайтынын жеткізді. «Үйленуді кім жоспарламайды? Бұл екі-үш жылдың ішінде жүзеге асады. Негізі отбасын құратын уақытым болды. Бірақ, қателескім келмейді. Бәрін ақылға салу керек. Бұл тіпті менің болашағымның жауапкершілігі емес. Бұл келіншегіме, балаларыма одан әрі немерелеріме деген жауапкершілік қой. Маңызды сәтті жеңіл қабылдап, тез шешім шығармау керек», – деді Оқапов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<