Өлкетану пәнін оқыту жастарды патриотизмге тәрбиелейді

282

0

Еліміздегі мектептерде өлкетану пәнін оқыту жастарды патриотизмге тәрбиелейді. Бұл туралы Ақмола облысының «Зерен» сауықтыру орталығының базасында «Зерен» республикалық жастар білім беру лагерінің «Жаңғыру трендтері» екінші ауысымының ресми ашылуына қатысқан ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Туған жер» жобасы шеңберінде қазақстандықтар туған өлкесі туралы барлық мағлұматты мектеп партасынан оқып өсетін болды. Бұл бағытта әлі талай ескертулер болады. Олар алдағы уақытта ескеріледі. Дегенмен, биылғы оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептерінде өлкетану пәні оқытыла бастайды. Барлық өңірлер өлкетану оқулығын әзірледі. Жаңа оқулық оқушыларға шыққан тегін, туған өлкенің тарихы мен дәстүрлерін біліп, зерттеуге жəне бүгіні мен келешегі туралы ой түйіндеуге мүмкіндік береді. Оған қоса, ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан хрестоматия оқулығы әзірленіп жатыр. Бұл кітапта барлық өңірлердің тарихи бір кітапқа біріктіріледі. Осылайша, жастардың өзінің туған жеріне деген махаббаты арқылы қазақстандық патриотизм қалыптаспақ», дейді Аида Балаева. Сонымен қатар, ол елімізде «100 жаңа оқулық» жобасының да сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл кітаптың алғашқылары алдағы оқу жылында еліміздегі жоғары оқу орындарында оқытыла бастайды. Еске сала кетейік, жақында Ақмола облысының «Зерен» сауықтыру орталығының базасында «Зерен» республикалық жастар білім лагерінің «Digital-ұрпақ» атты бірінші ауысымы ресми түрде ашылған болатын. Оған еліміздің әр өңірінен келген жастар ұйымдарының көшбасшылары, жас кәсіпкерлер, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушыларынан құралған жастар қатысуда. Лагерь 12-26 тамыз аралығында 3 тақырыптық ауысымда өткізіледі. Кеше лагердің «Жаңғыру трендтері» атты екінші ауысымы ашылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<