Мәдени және демалыс паркіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

175

0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қалалық мәдени және демалыс паркін қайта жаңғырту жұмыстарының барысын көрді, деп хабарлайды Syrboyi.kz. Жалпы аумағы 6 гектар паркке ғимараттар мен аттракциондар, бетонды скейтпарк салу жоспарланған.

Бүгінде «Bi Global» серіктестігі кең көлемді абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Демонтаж жұмыстары толық аяқталып, субұрқақтардың орны дайындалуда. Қайта жаңғыртуды парктің ашылу маусымына, яғни мамыр айына дейін толық аяқтап, пайдалануға беру межеленген.

Аймақ басшысы құрылысқа сапалы материалдар пайдалануды, атракциондардың қауіпсіз болуын, жұмыстарды уақытылы аяқтауды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<