Макгрегор өзінің жүру мәнерін салған қазақ баласына жауап қайтарды

191

0

Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор Instagram-дағы парақшасында өзінің танымал жүру мәнерін салған қазақстандық таэквондошының видеосын жариялады.

 Жас спортшы турнирлердің бірінде ирландиялықтың стилінде кілемді толық айналып шыққан.  

«О, жасаған! Мына бала миллиардтаған доллар тұрса керек», – деп жазды видеороликке ирландиялық спортшы.

Айта кету керек, жазбаны 3,3 миллионнан астам адам көрді.  

Бұған дейін ирландиялықтың жүрісін Қызылорда облысы Қазалы ауданының жас балуаны қайталаған еді.

Отыз үш жастағы аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор спорттық карьерасында 21 рет жеңіске жетіп, 4 рет жеңілген. Ирландиялық ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жектен кейін әлі рингке шыққан жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<