1–7 тамыз аралығында жыл сайын Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығы атап өтіледі.
Бұл – омыраумен емізудің маңыздылығына назар аударуға және әрбір ананың сәбиін емізуіне қолайлы жағдай жасау қажеттігін насихаттауға бағытталған жаһандық ақпараттық науқан.
Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығы отбасында, өзіндік талап пен мәдениеттілікті сақтай отырып қоғамдық орында және жұмыс орнында ана сүтімен қоректендіруді қолдауды нығайтуға, заңнамалық және нормативтік тетіктерді жетілдіруге, сондай-ақ ана мен бала денсаулығы үшін ана сүтімен қоректендірудің пайдасы мен оны сәтті жүзеге асыру қағидаттары туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған.
Осы апта бойы облыстық көпбейінді ауруханасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ана сүтімен қоректендіруге қатысты ұсынымдарымен, қызықты деректермен және пайдалы ақпаратпен бөліседі. Сонымен қатар ана сүтімен қоректендірудің ана мен бала денсаулығына тигізетін пайдасы және оны қолдаудың әрбір отбасы мен жалпы қоғам үшін неліктен маңызды екені туралы баяндаймыз.
Соның ішінде ана сүтімен қоректендіру туралы қызықты 5 дерек.
Айнұр Мадалиева,
облыстық көпбейінді ауруханасының акушері, ана сүтімен қоректендіруді сақтау, қолдау және ынталандырау бойынша аймақтық тренері





