Марсты үйде отырып зерттеуге болатын карта жасады

212

0

NASA және Google өкілдері Қызыл ғаламшардың виртуалдық картасын жариялады. Енді интернетке қосылған әрбір адам үйінен шықпай-ақ Марс бетінің 225 миллион шақырымын зерттей алады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа карта арқылы Марстың тау-тасында «серуендеп», жанартаулары мен шатқалдарын тамашалауға болады. Көптеген суреттер инфрақызыл спектрде болғандықтан, ғаламшардың температура картасын байқауға болады.

Журналистердің айтуынша, Google Mars – Қызыл ғаламшардың мейлінше дәл суреттерінен құрастырылған. Оған спутниктерден түсірілген суреттер пайдаланылған. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<