Маусым айында температура 46 градусқа дейін көтеріледі

7

0

Фото: Александр Павский / Kazinform

Консультативтік болжамға сәйкес, 2026 жылғы маусым айында айлық орташа ауа температурасы еліміздің басым бөлігінде климаттық нормадан 1-2°С жоғары, ал республиканың батыс өңірлерінде норма шамасында болады. 

Сонымен қатар, жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында болжанады, ал елдің батыс пен солтүстік-батыстың жекелеген аудандарында көпжылдық орташа көрсеткіштерден көп болуы ықтимал.

Маусымның бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде циклон мен олармен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Республика бойынша өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел, ал елдің солтүстік-батыс жартысында кей уақытта қатты жаңбыр болжанады.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жекелеген күндері шаңды дауыл болжанады.

Ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі:

— елдің батысы мен оңтүстік-батысында, Актөбе облысында түнде +6+12°С-тан +13+22°С-қа дейін, күндіз +15+25°С-тан +27+32°С-қа дейін, ал республиканың оңтүстік-батысында +35°С-қа дейін жоғарылайды.

Ауа температурасының ауытқуы:

— елдің солтүстігінде, Қостанай облысында түнде +11+16°С-тан +15+20°С-қа дейін, күндіз +21+26°С-тан +28+33°С-қа дейін;

— елдің оңтүстігінде түнде +17+25°С-тан +13+18°С-қа дейін, күндіз +33+40°С қатты ыстықтан +23+31°С-қа дейін, ал елдің оңтүстік-шығысында қатты ыстықтың біртіндеп бәсеңдеуі +33+38°С-тан +20+27°С-қа дейін күтіледі.

Онкүндіктің басында республиканың шығысы мен орталығында күндіз ауа температурасы +33+39°С-қа дейін жоғарылайды. Алайда онкүндіктің қалған кезеңінде ауа температурасының негізгі фоны түнде +13+20°С, күндіз +25+33°С шамасында болады деп болжанады.

Маусымның екінші және үшінші онкүндіктерінде ыстық ауа райы кезең-кезеңімен найзағай, желдің күшеюі байқалатын салқын әрі жаңбырлы күндерге алмасып отырады, ал жекелеген аудандарда бұршақ пен шаңды дауыл болуы ықтимал.

Температуралық фон да тұрақсыз болады:

— елдің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +8+18°С-тан +15+25°С-қа дейін, күндіз +28+33°С-тан +35+39°С қатты ыстыққа дейін, ал орталығында өте қатты ыстық +42°С-қа дейін жетеді;

— елдің оңтүстік жартысында түнде +14+23°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +28+33°С-тан +34+40°С қатты ыстыққа дейін, жекелеген күндері өте қатты ыстық +40+46°С-қа дейін ауытқуы болжанады. 

Айта кетелік алдағы күндері 36 градус ыстық болатыны туралы жазған едік