Медициналық маскалардың бағасы бірдей болады

222

0

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев медициналық маскалардың орташа бағасын айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Соңғы бір-екі аптада қалада маска тапшы болды. Дәріханалармен байланыстамыз. Күн сайын ақпарат алып отырамыз. Әлі де тапшылық байқалады. Біз негізгі үлкен 20 дәріхана иелерімен сөйлестік, келістік. Олар нарықтың 70% қамтиды. Олар маскамен қамтамасыз етілген. Сондықтан бұл тұрғыда ешқандай проблема жоқ «, – деді ол.
Оның айтуынша, тапшылық туралы ақпарат негізінен кешке уақытта пайда болады. Сондай-ақ, ол маскалардың орташа бағасын атады. «Соңғы ақпаратқа сәйкес, масканың орташа бағасы 100-150 теңге аралығында, – дейді Сапарбек Тұяқбаев.
 Қазіргі уақытта дәріханалар мен әкімдік өзара меморандумға қол қойды, онда алдағы уақытта масканың бағасы барлық жерде бірдей болады делінген. Алдағы күндері нақты құны бекітіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<