Медициналық сақтандыру қоры қажетті шараларды қабылдады

315

0

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры COVID-19 коронавирусы пайда бола қалған жағдайда әрекет ету алгоритмін қарастырды.        

Жұмыс орнында, алдын-алу мақсатында, қолды сабынмен және дымқыл майлықпен жиі жуу ұсынылды. Сонымен қатар, Қордың Қызылорда филиалының фойеде, кіреберісінде дезинфекциялық құралдар орнатылған.  Қызметкерлерге жұмыс бөлмелердің ауасын жиі-жиі тазартып тұру, үстелдерді дымқыл майлықпен тазалауды уақытылы жүргізу ұсынылды. Осы мақсатта жұмыс бөлмелерің кварц шаммен дезинфекциялық тазарту тапсырылды.

Оған қоса, төтенше жағдайға байланысты медициналық ұйымдармен, еңбек ұжымдарымен жоспарлы, жоспардан тыс кездесу және де іс-сапарлар тоқтатылды. Одан бөлек, халықтын көп жиналатын орындарға (теміржол және автостанциялар, әуежай, театр, кинотеатр, мерекелік іс-шаралар) бармауға кеңес берілді. Сондай-ақ, бөтен адамдардан Қор филиалының ғимаратына баруды барынша азайту тапсырылды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыстық филиалы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<