Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай бизнес форумын ашты

243

0

Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай бизнес форумын ашты Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу – бір жол» идеясының бесжылдығына арналған Қазақстан-Қытай бизнес форумын ашты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.    

                        

«Баршаңызды Қазақстан-Қытай бизнес форумының басталуымен құттықтаймын. Қазақстан тәуелсіз ел болғалы қос мемлекет арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Қытай Халық Республикасы – Қазақстанның сыртқы саудадағы ірі әріптесі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 32%-ке өсіп, 10 млрд АҚШ долларына жетті», – деді президент видеоүндеу арқылы.

Елбасының айтуынша, ширек ғасырдан астам уақыт ішінде Қытайдан келген тікелей инвестиция 15 млрд АҚШ долларын құрапты.

«Қытай компаниялары – Қазақстанның ірі жобаларын іске асыру жолында негізгі серіктестердің бірі. Олар біздің елдегі инвестициялық процестерге белсенді қатысуда. Осының бәрі өзара сенімге негізделген екі жақты қатынастардың дұрыс бағытта дамып келе жатқанын білдіреді», – деді Назарбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<